Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тараздың тарихы толық танылған жоқ

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
3857
Тараздың тарихы толық танылған жоқ

Тарихшылар Тараз тарихын толық танып біткен жоқ. Жергілікті мәслихат депутаттар осындай пікірде. Тарихшылардың сан түрлі пікірлері жұртты шатастырып біткен. Ғалымдардың бірі шаһардың жасын 2 мың жылмен шектесе, кейбіреулері арыға апарып жүр. Яғни, тарихты тану дауға айналып барады. Осы орайда, Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы зерттеушілерге тарихты тануға бас жоспар бола алады дейді.  

Эльмира МЫРЗАҒАЛИ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:  

Кезінде Тараз қаласы Ғұн империясының астанасы болған. Яғни, ІІ ғасырға кетеді, І ғасырдан ары қарай. Сонда осы деректердің өзі бізге көрсетіп отыр 2 мың жылмен Тараздың тарихы тоқтап қалмайды. Елбасымыздың бұл мақаласы біздің тарихқа деген жаңа көзқарасымызды қалыптастырады. Түрлі алуан пікірлерді бір арнаға тоғыстырады.

Д. Әлімқұл