Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстан дизель отынын экспорттауға шектеу қоймақ

AstanaTV
11.12.2018ж. 20:00
1879
Қазақстан дизель отынын экспорттауға шектеу қоймақ

Елде осы айдан бастап дизель отынын экспорттауға жарты жылға шектеу қойылады. Бұл жайында Үкімет қабырғасында журналистерге сұқбат берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Бұл көрші елдердегі жанар-жағар май бағасының қымбат болуынан туындаған мәжбүрлі шара. Қазақстанда дизель отынының литрі 193,2 теңгеден сатылса, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанда бұл баға 200 бен 250 теңге аралығында. Бензин бағасында да айтарлықтай айырмашылық бар. Сондықтан, жанармай шекаралас облыстардан көрші елдерге тасылуы мүмкін деген қауіп бар. Тапшылық тудырмас үшін және бағаны өсірмеу мақсатында қазір мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салатын құжат әзірленіп жатыр.   

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:  

Қазақстанда жанар май бағасын көтермеу үшін және дизель отынының тапшылық қаупін азайту мақсатында министрлікте Еуразиялық экономикалық одағының нормаларына қайшы келмейтін қолданыстағы заңнама негізінде Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерлерге мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салу үшін шаралар әзірленуде.

Министр Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің үкіметі бұған түсіністікпен қарап, қолдайтынына сенімді.  

Г. Тасболатқызы