Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

AstanaTV
12.12.2018ж. 20:00
3736
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

Бүгін Астанада ел мерейін асырып, ерен еңбегімен ерекше көзге түскен талантты тұлғаларға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды. Дәстүрлі жүлде биыл 10 аталым бойынша өз саласында үздік деп танылған 20 белсенді жасқа беріліп отыр. Осы жылы үміткерлер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Ал, сыйақы қоры 3 есеге жоғарылап, 600 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған үздіктер қатарында халықаралық «Славян базары» конкурсының 1-ші орын иегері Ернар Садырбаев, эстрада әншісі Қуандық Рахым және 2017 жылғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Әбдраш Аян да бар.  

Асхат ОРАЛОВ, ҚР ҚДМ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Осы 27 жылдың ішінде 200-ден астам еліміздің азаматтары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары атанды. Олардың қатарында Серік Сапиев, Данияр Елеусінов, Қайрат Нұртас, Димаш Құдайбергенов, Денис Тен және т.б. азаматтар бар. Осы жылы ерекше жыл болды. Жастар жылының қарсаңында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын Ақордада табыстадық. 

Ә. Өмірзақ