Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тараздың тарихи туризмін дамытуда өзіндік бренді жоқ-Халықаралық сарапшылар

AstanaTV
13.12.2018ж. 20:00
3075
Тараздың тарихи туризмін дамытуда өзіндік бренді жоқ-Халықаралық сарапшылар

Тараздың тарихи туризмін дамыту үшін өзіндік бренді қажет. Онсыз қаланы әлемге әйгілі болуы екіталай. Бүгін Таразда басталған халықаралық «Көне Тараз» туристік және қолөнер шеберлерінің форумына жиналған шетелдік сарапшылар осындай пікір айтты. Меймандардың айтуынша, тарихи жауһарларға толы Жамбыл жерінің жарнамасы да жер жарып тұрған жоқ. Туризмді түлету үшін не істеу қажет? Данияр Әлімқұл тарқатады.  

Таразға алыс-жақын елдерден туризм саласының майын ішкен мамандар мен қолөнершілер келді. Польшалық Павел Модзелевский саяхатшы әрі өзінің жарнама агенттігі бар маман. Ол біздегі туризмнің кенжелеп отырғаны жарнаманың әлсіздігінен деді. 

Павел МОДЗЕЛЕВСКИЙ, САЯХАТШЫ, МАРКЕТОЛОГ, ТУРИЗМ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАРНАМА АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /ПОЛЬША/: 

Еуропа қалаларының өзіндік символы бар. Қала қалай пайда болды, соны көрсететін ескерткіші мен ерекше орындары бар. Мәселен, Барселонада Гауди Саграда храмы, Парижде Эйфель мұнарасы, Варшавадағы Мәдениет сарайы. Оларды әлем халқы қалай пайда болғаны жайлы жарнамасын біліп барады. Таразға сол символды табу керек. Қаланың мінезін танытатын символы болмай әлем халқы Жамбыл жеріне жиналмайды. Және сол символды әлеуметтік желідегі әлемге танымал тұлғалар арқылы жарнамалай білу керек.

Ал, Қазақстан туристік қауымдастығы елдегі туризмді сынға алды. «Ұлттық таным мен болмысымызды паш етуге бей-жай қарап келеміз»-дейді.  

Рашида ШАЙКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТІК АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Біздің ел туризм саласында бағыт-бағдары жоқ түсініксіз елге айналды. Басты бәсекелестеріміз Өзбекстан мен Қырғызстаннан артта қалып келе жатырмыз. Өйткені, олар ұлттық нақышын көрсете алады. Асханасына кірсең де, ауылына барсаң да. Бізде сол жоқ. Мысалы, ұлттық тағамымыз бесбармактың түркі елдерінен ерекшелігі-бізде ғана қамыр қоспасы бар. Басқаларда жоқ. Біздің Алтай жерінен алғашқы адамдар қауымының цивилизациясы басталған. Біз соны сыртқа таныта алмай отырған елміз.

Дәл осы жиында ақжолтай жаңалық жария болды. Тараздағы «Айша бибі» махаббат мовзелейі мен «Ақыртас» кешені, «Арнайы туристік көрмелердің бүкіл әлем бойынша тізіміне» кіргізілгені белгілі болды.  

Владимир ПИСКУРЕВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ХАТШЫСЫ: 

Жамбылдың қос жауқары әлемнің 80-нен астам елінің сарапшыларын мойындатты. Ендігі қалғаны әлемге халықаралық туристік жиындар мен конкурстар жасау арқылы Таразды таныту керек. Тараздың 2000 мың жыл тарихы бары былайша айтқанда, масқара таңғаларлық сандар. Жамбылға жетіспейтіні-бренд. Бренді жоқ емес. Бірақ, соны таппай жатырсыздар.

Туризмді дамыту үшін Мәдениет және Спорт министрлігі жаңа бағдарламаның жобасын әзірлеп жатқандарын айтты. Бірақ, бұл тарихи жерлерді түлететін «Үздік ондыққа» Тараз қаласы енбеген. Осы форумда бірнеше меморандумға қол қойылды. Енді арнайы жұмыс тобы құрылып, білікті сарапшылар елдің тарихи орындарын әлемге танытатын болады.  

Д. Әлімқұл