Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда аяқ-қолын ауыртып, сындырып алғандар 355-ке жетті

AstanaTV
13.12.2018ж. 20:00
2274
Оралда аяқ-қолын ауыртып, сындырып алғандар 355-ке жетті

Оралда көктайғақтан 355 адам мертікті. Қалалық аурухана дәрігерлерінің жұмысы қауырт. Айтуларынша, түске дейін зардап шеккен 40-қа жуық адамға көмек көрсеткен. Дегенмен, аса ауыр жарақат алғандар жоқ. «Абайсызда құлап, маман көмегіне жүгінгендердің дені-егде жастағы адамдар»-дейді дәрігерлер. Сондықтан, дәрігерлер ауа райы түзелгенше, адамдар мүмкіндігінше көшеге шықпауы керектігін ескертіп отыр.  

Бақтияр ТАШКЕНБАЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жарақаттары әртүрлі. Орташа және жеңіл дәрежеде. Ондай қатты ауыр жарақат алған науқастар жоқ. Бірақ, саны жарақат алған науқастардың әдеттегіден көп. Жарақаттардың ішінде ең ауыры, ол әрине басымен соғылса, басына қан құйылса ол өте ауыр жарақат болып саналады. Және аяқ-қолдың, басқа мүшелердің сынулары болуы мүмкін. Солардың алдын алу үшін бүгін тек қана аса қажет жағдайда ғана далаға шыққандарыңыз дұрыс болады деп айтар едім тұрғындарға.

Ауа райын болжаушылар алдағы күндері де жауын-шашын болатынын ескертеді. Желтоқсан басталғалы өңірде жаңбыр жауу көбейген.    

Е. Карин