Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қостанайда бас дәрігер өліміне қатысты тағы бір күдіктіге іздеу жарияланды

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
2316
Қостанайда бас дәрігер өліміне қатысты тағы бір күдіктіге іздеу жарияланды

Қостанай полициясы "облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді" деген күдікпен тағы бір адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Полиция 40 жастағы Руслан Гафаровқа іздеу салған. Құқыққорғаушылар оның бұл іске қандай қатысы бар екенін ашып айтпады.

Бірақ Қостанай қаласының тумасы "аса ауыр қылмыс жасады" деген күдікке іліккен. Ішкі істер департаменті бұған дейін "әріптесін өлтіруге тапсырыс берді, кісі өлтіру қылмысын ұйымдастырды" деген айыппен аталған аурухананың бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдинаны қамауға алған еді.

Еске салайық, ақпанның 20-сы күні жоғары санаттағы психиатр Рашида Сандыбаева өз пәтерінде аса қатігездікпен өлтірілген болатын. Дәрігердің денесінен 30-дан аса пышақ ізі табылған. Жергілікті полицейлер ауыр қылмыс жасаған 3 адамның ұсталғандығын хабарлады. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Заңғар САНАЙ