Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті Сырдария жырып кетті

AstanaTV
08.01.2019ж. 20:00
2905
Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті Сырдария жырып кетті

Сырдария өзенінің суы Қызылорданың сол жағалауындағы ескі бөгетті жырып кетті. Алайда, қалаға төніп тұрған қауіп жоқ. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев осылай деді. Оның айтуынша, былтыр жаңадан салынған қорғаныс бөгеті апаттың алдын алған. Десе де мамандар Сырдария әлі де мінез танытуы мүмкін екенін жасырмайды. Сол үшін 79 эвакуациялық бекет дайындалған. Құм толтырылған қаптар мен жанар-жағармай да әзірленіпті. Тіпті екі тікұшақ алуға «Казавиақұтқару» мекемесімен келісім де жасалған.  

Ғабит ЖАҢАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бүгінгі күні Сырдария өзені бір қалыпты жағдай деп айтуға болады. Былтырғы жылға қарағанда қазір Қызылорда қаласының тұсында 30-35 сантиметрге төмен. Екі күн бұрын ескі қорғаныс бөгетінен үстерінен су ағып, жаңа қорғаныс бөгетіне келіп тірелді. Ескі қорғаныс бөгетті қалыпқа толық келтірілді сол мезгілде.

Жаңа қорғаныс бөгеті былтыр салынған болатын. Ол шамамен 10 шақырымға созылған. Оған үкіметтен 2 миллиард 656 миллион теңге бөлінген еді. Бұдан бөлек, қауіпті аумақтарды қалпына келтіруге облыс бюджетінен 225 миллион теңге жұмсалды. Басқарма басшысы бұл жұмыстар биыл да жалғасады деп отыр.  

Ш. Сақтапова