Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстанда бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы өсті

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
7306
Қазақстанда бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақы өсті

Қазақстанда бала туғанда берілетін біржолғы және оның 1 жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақы өсті. Алғашқы үш балаға берілетін біржолғы жөргекпұл 2017 жылмен салыстырғанда 5168 теңгеге жоғарыласа, төртінші баладан бастап 9 мың теңгеге артық төленеді. Ал, айына табысталып отыратын жәрдемақы 13070 теңгеден 13857 теңгеге өскен. Тиісінше бала саны көбейген сайын айлық жәрдемақы саны да артады. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршылар саны 2018 жылдың қорытындысы бойынша 80 мыңнан асып отыр. Оларға берілетін жәрдемақы көлемі де 4 мың теңгеге өскен.  

Ә. Өмірзақ