Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Банкроттық комиссия мүшелерінің жалақысына шектеу қою керек

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
2368
Банкроттық комиссия мүшелерінің жалақысына шектеу қою керек

Бірінен кейін бірі банкротқа ұшырап жатқан банктердің шаруасымен айналысатын комиссия мүшелері өздеріне миллиондаған жалақы тағайындаған. Осылайша, банкрот болған қаржы мекемелерінен мемлекетке бір тиын да түспегенімен, комиссия мүшелері шылқыған байларға айналатын көрінеді. Бұл жайында бүгін Мәжіліс қабырғасында депутата Омархан Өксікбаев мәлімдеді. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын банкротқа ұшыраған «Валют транзит банктің» ісімен айналысқан комиссия төрағасының жалақысы он мың доллаға дейін жеткен көрінеді. Есесіне, сол банктің қызметіне жүгінген квазимемлекеттік мекелемелердің шотынан Үкіметке бір тиын да қайтарылмапты. «Соңғы кездері отандық банктердің дені бірінен кейін бірі жабылып жатқанын ескеріп, бұл жүйені реттеу керек»-дейді депутаттар.  

Омархан ӨКСІКБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

Мына конкурстық басқарушылар, банкроттық басқарушылар өздеріне өздері жалақы қойып, борышкерлердің қарызын қайтару мәселесі емес, өздерінің баю мәселесін қарап кетеді. Соның төңірегінде жүрген адамдар, олар өздерін ренжітпейтіні белгілі. Сондықтан, бұл жерде бір норматив болуы керек деп ойлаймыз.

Г. Тасболатқызы