Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«NURINTECH» инновациялық жоба жеңімпаздары марапатталды

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
2799
«NURINTECH» инновациялық жоба жеңімпаздары марапатталды

«Нұр Отан» партиясы республикалық «NURINTECH» инновациялық байқауының жеңімпаздарына 5 млн теңге жүлде үлестірді. Бұл конкурс «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен үш жыл қатарынан өткізіліп келеді. Партия төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев жас ғалымдардың бұл жобалары әлемдік деңгейдегі өнертапқыштар жобаларынан кем еместігін айтты.  

Байқауға қатысуға мыңнан астам өнертапқыш ниет танытқан. Олар робот техникасы, жасыл энергетика, медицина, өнеркәсіп, жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы ойлап тапқап жобаларын бәйгеге қосқан. Мұндай еңбекқор жастарды қолдау үшін бұдан басқа да партия жобалары көп. Осылай деген Партия төрағасының орынбасары жас өнертапқыштар үшін «Астана хаб орталығы» да теңдессіз алаңға айналғандығын айтты.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жобамыз, байқауымыз Елбасының тікелей тапсырмасымен ұйымдастырылып отыр. Осы байқаудың негізгі мақсаты -талантты, болашағы үлкен, ғылым, инновациялардың айналасында үлкен жұмыстарды жасап жүрген, біздің жастарымызды қолдауға, олардың болашағын ашып беруге өзіміздің көмегімізді беруге арналған біздің байқауымыз. Сондықтан, біз осы жерде «NURINTECH» байқауының қорытындысын шығару үшін жастарға осы Астана хабты көрсету үшін, екінші жағынан сіздер өздеріңіздің стартаптарыңызды осы азаматтарға ұсынасыздар деген үмітпен барлықтарыңызды осы жерге жинап отырмыз. 

Мәжіліс депутаттары, компания басшыларынан құрылған комиссия финалға өткен 30 жұмыстың ішінен баламасы жоқ ноу-хау жобаларды таңдап алған. Байқау жеңімпаздарының көбі жас ғалымдар. Болашағы жарқын өнертапқыштарға беделді оқу орнының гранты тапсырылды. Жеңіске ие болған жас ғалымның бірі - Дәулет. «Ел үшін ең маңызды – жер» - дейді. Оның жобасы тозған, тұздалған жерлерді қалпына келтіруді көздейді.  

Дәулет ЕГЕМБЕРДИЕВ, ЖАС ҒАЛЫМ / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ:  

Жантақта болмаса тағы да компоненттер бар соны қолданып, реактордан шыққан биомелиорант алынады. Ол біріншіден тұздалған, тозған жерлердің гоммосын көтеріп, жерді тыңайтады.

Петр ШИЛОВ, ЖАС ҒАЛЫМ / ҚОСТАНАЙ: 

Біздің жұмыс істеп тұрған базалардағы қауіпсіздік әлсіз екендігі белгілі. Қазір біз цифрлық жүйеге өтіп жатырмыз. Сол себепті бәрі қолжетімді. Цифрлы қылғанан бөлек оның қауіпсіздігін де ойлауымыз керек. Хаккерлер интернет дүкенен бастап, биржаға дейін қол жеткізе алады. Сол себепті мен ойластырған жоба компютерлерді қаншалықты хаккерлердің соққысына шыдамдылығын көрсетеді.

Жастар жылы басындағы партияның алғашқы бастамаларының бірі осы болды. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы жас шығармашыл жастарға да конкурс жариялаған болатын. Шығармалары осы айдың 15-іне дейін қабылданады. 

У. Қабылтайұлы