Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазақстандық ұстаздар баспана беру мәселесін заңмен бекітуді сұрайды

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
2410
Қазақстандық ұстаздар баспана беру мәселесін заңмен бекітуді сұрайды

Қазақстандық ұстаздар баспана беру мәселесін заңмен бекітуді сұрайды. Бүгін «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша Астанада өткен қоғамдық талқылауда осындай ұсыныс жасалды. Олардың айтуларынша, онсыз да айлығы аз мұғалімдер үлкен қалаларда пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Бастамашылар әлеуметтік жағдайы жасалмаған педагогтың бала оқытуға құлқы болмайтынын алға тартты. Ал, Астана қалалық білім беру басқармасы өкілдері биыл бюджеттік қызметкерлерге алғашқы жарна ретінде берілетін 1 млн теңгелік 2000 сертификаттың тең жартысы ұстаздарға берілетінін айтты.   

Кенжеғұл ЕСЖАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ №37 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: 

Астана қаласы болғаннан кейін, немесе басқа да қалалардың тарапынан баспана жөнінде ұсыныстар болуы мүмкін. Осы жөнінде қосымша тағы да айтыла кетсе.

Білім және ғылым министрлігінің сайтында пікірлер әлі де қабылданып жатыр. Осы уақытқа дейін ұстаздардан заң жобасына қатысты 10 мыңнан астам ұсыныс түскен.  

Д. Қайыртай