Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы металлургиялық комбинатта болған апатқа айыпты деп танылды

AstanaTV
10.01.2019ж. 20:00
2188
«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы металлургиялық комбинатта болған апатқа айыпты деп танылды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургиялық комбинатта болған апатқа айыпты деп танылды. Кәсіпорынның бірқатар лауазымды тұлғалары да кінәлілер тізімінде. Тергеу ісі кәсіпорынның жұмысын тоқтатып тастаған апатқа екі жағдай себеп екенін анықтады. Құбыр жолдарына гидродинамикалық салмақ түскен. Ал, апат көлемінің ұлғаюына мамандардың арнайы блоктардан ауа тарату өнімдерін дер кезінде сөндірмеуі әсер етсе керек. Сосын газ құбыры жасалған құрыштың маркасы ескірген болып шықты.   

Нығметжан МАҚАЖАНОВ, ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Комиссия «Арселлор Миттал Темиртау» және «Газпромнан» бірқатар лауазымды адамдарын орын алған аварияға 100 пайыз кінәлі деген қорытындыға келді. Жұмыс нәтижелері бойынша комиссиямен болған апаттың себептерін жою және болашақта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін 15 іс-шара әзірленді.

Төтенше жағдайдың шығу себебін төрт бірдей мемлекеттік мекеменің сарапшылары тексерді. Екі айдың ішінде мамандардың тұжырымы 7 томға жетіпті. Апатқа дейінгі 5 күн бойы қорғаныш қақпақтары қауіп төніп тұрғанынан белгі берген, дейді сарапшылар. Бірақ оны ешкім байқамаған. Ал, құбыр қалдықтарын лабораториялық зерттеу кезінде оның 1977 жылы жасалғаны анықталды. Енді компания осы жылдың соңына дейін аталған олқылықтарды түзетуі керек.  

Д. Қайыртай