Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының «Заңгерлік кеңес» жобасы аясында әр өңірде тегін құқықтық кеңес беріледі

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
3849
«Нұр Отан» партиясының «Заңгерлік кеңес» жобасы аясында әр өңірде тегін құқықтық кеңес беріледі

Қазақстанның әр өңірінде әлеуметтік жағдайы төмен халыққа тегін құқықтық көмек көрсетіледі. «Заңгерлік көмек» атты «Нұр Отан» партиясының жобасы Қазақстан заңгерлер одағының қолдауымен жүзеге асып отыр. Онда білікті адвокаттардың ауызша кеңесінен бөлек, істі басынан аяғына дейін жеткізу қарастырылған. Ал, жобаны іске асыру кезінде 224 азамат қабылданып, 62-не ауызша, 18-не сотта құқықтық сүйемелдеу көрсетілген.  

Абдыкәрім АҚЖАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РҚБ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Бұл жобаға деген халықтың сұранысы жоғары. Әсіресе, қаржылай қиыншылыққа тап болған азаматтар арасында. Білікті мамандар сіздің игілігіңіз үшін тегін әрі сапалы қызмет көрсетеді. Әрбір қалада адвокаттардың көп екенін ескерсек, бүкіл халыққа көмекті дер кезінде көрсететін боламыз.

Ә. Өмірзақ