Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар дүкендерге несие беру үшін қордан ақша сұрады

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2571
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар дүкендерге несие беру үшін қордан ақша сұрады

Қаладағы әмбебап дүкендерді субсидиялау үшін Тұрақтандыру қорынан қаражат тарту қажет. Осындай ұсыныс айтқан «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы бұл тауар бағасын ұстап тұру үшін қажет еді. Олар былтыр екі үлкен әмбебап желісіне 300 млн теңге бөлген. Өз кезегінде бұл 25 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын арзан ұстап тұруға септігін тигізген. Оның тең жартысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар. Бұл жайында мәжілістегі аграрлық комитет отырысында айтылды. 

Нұрлан ЖАҚЫПОВ, «ASTANA» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:  

Біз мұнымен мемлекеттік, квазимемлекеттік компаниялардың нарыққа қатысуын тоқтатамыз. Екіншіден, бұл жүйе отандық тауар өндірушілерге жігер береді. Бізден үлкен сауда дүкендері несие алады, содан барып олар отандық өндірушілермен келісім жасайды, бұл өз кезегінде бағаға бақылау жасайды.

У. Қабылтайұлы