Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жамбылда қызылша еккен кәсіпкер өз өнімін өткізе алмай әуре

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
2484
Жамбылда қызылша еккен кәсіпкер өз өнімін өткізе алмай әуре

Жамбыл облысында жергілікті кәсіпкер есіл еңбегім еш кетті деп жыларман. Болат Испанқұловтың айтуынша, 80 тонна қызылша далада жатыр. «Қазылмаған тағы 70 тонна өнім бар»-дейді.Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны 20 гектар алқапқа қант қызылшасын егіпті. Үкіметтен 500 мың теңге субсидия алған. Кәсіпкердің сөзіне сенсек, бұл іске аудандағы атқамінерлер үгіттесе керек. «Жиын-терімге жәрдем жасап, қажетті техникамен қамтамасыз етеміз»-деп те уәде берген көрінеді.  

Болат ИСПАНҚҰЛОВ, КӘСІПКЕР: 

Әкімдікке айтсам, техника өзің тауып ал дейді. Мен оны қайдан табамы? Мен көмек береміз дегесін ектім, алдым. Енді қыстың көзі қырауда, қаңтар болды. Қант зауыты біз тоқтадық дейді. Кімге өткіземін, бәленбай ақшаны қайдан тауып беремін?

Ал, аймақтағы кәсіпкерлерді қолдау палатасы мұндай арыз түспегенін айтты. Жергілікті әкімдік болса, техника бөлу мәселесіне байланысты келісім де, уәде де болған жоқ деп отыр. Оған уәде еткен басқа көмектерімізді көрсеттік дейді. Дегенмен, қиын жағдайға тап болған диханға қол ұшын созу үшін амалдап көрмек.  

Ерғазы ЕСПЕНОВ, Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Ендігі жағдай оның тәтті түбірлерін мал бордақылау алаңдарына сатуды ұйымдастырамыз. Басқа мал бордақылайтын шаруалар бар ғой солармен келісім-шарт жасатып, өз-ара келісілген бағамен сатады. Ұйымдастырып береміз оны.

Д. Әлімқұл