Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбеде терроризмді насихаттаған қос күзетші сотталып жатыр

AstanaTV
16.01.2019ж. 20:00
2251
Ақтөбеде терроризмді насихаттаған қос күзетші сотталып жатыр

Ақтөбеде күзетшілер терроризмді насихаттады деп айыпталып жатыр. Қылмыстық іс нөмірі екінші қалалық сотта қаралды. Күдікке іліккен екі адам. Олардың біреуі 2014 жылы дәл осы бап бойынша сотталған. Айыпталушылар шағын аудандардың бірінде салынып жатқан құрылысты күзеткен. Олар жұмысшылар арасында жихадты уағыздап, бізде тыйым салынған ұйымдардың идеяларын таратқан. Тіпті экстремизимді насихаттайтын бейне үндеулер көрсеткен.  

Жайлаубаев маған өз телефонында сақталған Ютуб-тан алған ба, білмеймін бір бейне жазбаны көрсетті. Онда Шамиль Измаилов, мұсылмандық есімі Әбу-Ханиф лекция оқиды. 

27 және 30 жастағы қос айыпталушы «Терроризмді насихаттады немесе терроризм жасауға жария түрде шақырды» деген бап бойынша істі болған. Судьяның айтуынша, тергеу материалдарында 2018 жылғы 5-ші мамыр күні жазылған 8 сағаттық, ал 8-ші мамыр күні жазылған 2 сағаттық бейнетаспа бар. Сотталушылардың екеуі де кінәсін ішінара мойындады.  

Лидия МИХАЙЛЮК, АДВОКАТ: 

Олар күзеткен жұмыс орнындағы әңгімеде насихаттың белгілері бар. Бұл туралы тергеу алдында оларға сараптама қорытындысы берілген. Сондықтан, олар кінәларын ішінара ғана мойындайды. Бірақ, олар терроризмді насихаттады деген жерімен келіспейді. Өйткені, әр қайсысы өз бетінше өз ақпаратымен бөліскен. Сондықтан, топ болып деген тұсымен келіспейміз.

Б. Рахметова