Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Мектеп асханасы» партиялық жоба аясында спортшы оқушыларды тамақтануға үйретті

AstanaTV
21.01.2019ж. 20:00
2519
«Мектеп асханасы» партиялық жоба аясында спортшы оқушыларды тамақтануға үйретті

Қазақстандағы өнер адамдары, спорт саңлақтары енді оқушыларды дұрыс тамақтануға үйретеді. «Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханасы» жобасын қолдау мақсатында олимпиада чемпионы Серік Сәпиев елордадағы нөмірі 17 мектеп оқушылармен кездесу өткізді. Олимпиада чемпионының бұл кездесуі жастарды ерекше жігерлендірді. Серік Сәпиев денсаулық үшін пайдалы астың маңыздылығын жасөспірімдерге еркін тілмен түсіндіріп берді.  

Серік СӘПИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Тағамдарының сыртқы келбеті өте дәмді секілді. Оқушылармен сөйлестім, оларға ұнайды екен. Жобаның осылай мектеп асханаларын бір стандартқа біріктіріп жатқандығын қолдаймыз. Дені сау ұрпақ бірінші тамақтануынан басталады. Сондықтан бұл өте маңызды жоба. 

Дариға САТХОЖИНА, №17 МЕКТЕП ГИМАЗИЯСЫНЫҢ 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:  

Бүгінгі менюда плов болса, қаламайтын кезде, мен барып оны ауыстырамын. Ұнайтын тамағыма. Котлет, пюре, күріш менюге байланысты ауыстырамын. Асханамыздағы тамақтарымыздың бәрі жақсы, дәмді. 

Айта кетейік, Қазақстандық тамақтану академиясының мәліметінше,14 жасқа дейінгі жасөспірімнің әр бесіншісі артық салмақтан зардап шегеді. Ал, партияның «Мектеп асханасы» жобасы ұрпақ саулығына бағытталған. 

У. Қабылтай