Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Нәресте жөргегінен қауіпті химиялық заттар табылған

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
2229
Нәресте жөргегінен қауіпті химиялық заттар табылған

Нәресте жөргенінен қауіпті химиялық заттар табылды. «Рейтерс» агенттігінің жазуынша, Францияда балалар жаялығында 70-жылдары егін шаруашылығында арамшөптерге қарсы қолданылған глифосат бар. Ақпаратты агенттік «Anses» Франция ұлттық медициналық ұйымынан алыпты. Мамандардың айтуынша, улы қоспа адамды рак ауруына ұшыратуы мүмкін. Ал, елдің денсаулық сақтау министрі Аньес Бузин балалар денсаулығы үшін айтарлықтай қауіп жоқ деп отыр. Дегенмен, денсаулық сақтау, қаржы және қоршаған орта министрліктері жөргек өндірушілерге 15 күн ішінде тиісті шара қабылдауды талап етті.   

Аньес БУЗИН, ФРАНЦИЯ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Мен ата-аналарды сабырға шақырғым келеді. «Ансес» ұйымы дәл қазір нәрестелердің денсаулығына тікелей қауіп жоқ деді. Дегенмен, уақыт өте келе улы заттардың балалар ағзасына бәрібір зиян келтіретінін де ұмытпауымыз керек. Сондықтан алдын-алу шараларын жүргізуге тиіспіз.

А. Сейфулла