Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Лүпіл жинау үшін тірі пранк жасамақ болған жастардың әрекеті сәтсіз аяқталды

AstanaTV
24.01.2019ж. 20:00
4904
Лүпіл жинау үшін тірі пранк жасамақ болған жастардың әрекеті сәтсіз аяқталды

Алматыда тірі адамды сөмкеге салып, әуе рейсіне тіркелмек болғандар ұсталды. Әуежай қызметкерлері күдік тудырған өзгеше жүкке жіті назар аударған. Адамның қолын байқап қалған айлақ тексерушілерінің әрекетін сырттан бейнекамераға түсірмек болған топты полиция бірден құрықтайды. Жас жігіттер мұны қалжың үшін істелген деп ақталған. «Хайп» қуалаған азаматтар заң алдында жауап бере ме? Бұл сұраққа тілші жауап іздеп көрді.  

Соңына дейін жеңіз, асыңыз дәмді болсын!  

Мынадай әлеуметтік желіні жаулап алған мыңдаған бейнероликтер көрсетілім жинау үшін не болса соған барады. Олардың көптігі соншалық, жұрт соңғы уақыттары «баланың ермегі» деп назар аудара бермейді. Жаңа идеялар іздеумен жүретін мұндай жастар бүгін түнде Алматы әуежайының қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. Өздерін пранк жасаушы деп атайтын жас жігіттер Алматы-Астана бағытындағы рейске тірі адамды сөмкеге салып өтпек болған. Алайда, тексерушілер жүктің арасынан адамның қолын байқап қалады.  

Балабек САРАЗБАНОВ, «АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АҚ ӘУЕ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚЫЗМЕТІ БАСШСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кассир қыз авиациялық қауіпсіздік қызметін шақырады. Полицияны шақырды. Сол жерде бәрін ұстап, ары қарай инструкция бойынша жұмыс істедік. Ойын үшін, күлкі үшін, хайп үшін.

Әуежай өкілдері тірі жүк бәрібір ұшаққа өтпейтін еді деп сеніммен айтады. Алайда, полиция бөлімшесіне жеткізілген әзілқой жастар еш қымсынбаған. Керісінше әлеуметтік желіге «пранк» сәтті болды деп, кезек-кезек бейнетүсірілімдер жариялап жатыр. Олардың бірі былтыр әл-Фараби даңғылында көлігімен қарсы бағытқа қасақана шыққанын бейнеге түсіріп, мақтанғаны үшін әкімшілік жаза арқалаған еді.   

Ребята, это уже моя третья волна хайпа и честное слово посещение моего профиля превысило 150 тысяч человек. 

Да, ребята, вчера мы попытались отправить Марата в барахольском пакете в Астану. Но что-то не получилось, оттуда торчала его рука. Служба полиции, КНБ быстренько нас свернули, но было весело.  

«You Tube» желісінің Қазақстандағы бөлімін басқаратын Самсон Безмятежный лүпіл жинау үшін мұндай бассыздыққа бару өткен шақта қалды деп есептейді. Оның үстіне оның адам өміріне қаупі де жоғары. Ең танымал бейнехостинг саналатын «You Tube»-ке қазір мұндай пранктерді салуға тиым салынған. Негізінен олар роликтерді инстаграмға жүктейді.  

Самсон БЕЗМЯТЕЖНЫЙ, «GENESIS YOUTUBE QAZAQSTAN» ЖЕЛІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Егер, мұндай туындылар қоғам үшін маңызды тақырыптарды қозғаса бір жөн. Мысалы, жемқорлық, жол полиция инспекторының жөнсіз әрекеті туралы болса, ақтап алуға болар еді. Ал, мына дап-дардай жігіттердің істеп жүргені ойыны қанбаған баланың әрекеті. Жазылушылары көп болса, жарнамадан ақша табамыз деген мақсаттары да бар шығар.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ: 

Ойын абыройдан айыруы мүмкін. Өйткені, әуежай қызметкерлері арзанқол пранкерлер стратегиялық нысандағы заңбұзушылық үшін жазасыз қалмайды деп отыр. Құзырлы органдар жақын күндері бұл іс бойынша қандайда бір процессуалдық шешім қабылдамақшы.

Р. Асқарбекұлы