Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жастардың жасы 44-ке дейін созылуы мүмкін

AstanaTV
25.01.2019ж. 20:00
4913
Жастардың жасы 44-ке дейін созылуы мүмкін

Жастардың жасы 44-ке дейін ұзартылуы мүмкін. Мәжілісмендер бұл мәселені жастар жылына байланысты ақпанда өтетін парламенттік тыңдауда көтермек. Мұны Tedx форматындағы жас кәсіпкерлер форумында депутат Бақтияр Мәкен айтты. Ол халықтың өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы осыны талап етеді дейді. Елде жастардың үйлену мен балалы болу мерзімі де ұзарып бара жатыр. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасына мұнан да басқа өзгерістер ұсынылмақ.  

Бақтияр МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Халықаралық денсаулық ұйымында жастардың шектеулі жасы - 44 жас. Сондықтан меніңше, ол да жақсы шығар. Біздің экономикамыз жақсы. Орташа өмір сүру жасы ұлғайған сайын бұл да бір үлкен серпіліс болады. Қараймыз, бұл енді дискуссияға келетін нәрсе. Қоғамдық ұйымдармен, өздеріңіз сияқты әріптестермен талдап, жастар саясатына біраз мәселе енгіземіз.

Tedx форматындағы жас кәсіпкерлер форумында стартап жобалар таныстырылды. Жас тауар өндірушілердің көрмесі де ашылған. Өз қолынан шыққан бұйымдарды ала келген зергер Зият Берікұлы жастар жылында қолөнер шеберлеріне де қолдау көрсетілсе,- дейді.  

Зият БЕРІКҰЛЫ, ЗЕРГЕР:   

Өнеріміз дамып келе жатыр. Мемлекет тарапынан осындай үлкен орталықтар салынса, барлығының басы бір жерде қосылып, әрқайсысы шеберліктерін бір-бірімен бөлісетін орталықтар болса...

А. Сейфулла