Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодар өңірінде шағын жинақталған мектептерді жаппаудың амалы қарастырылуда

AstanaTV
29.01.2019ж. 20:00
2297
Павлодар өңірінде шағын жинақталған мектептерді жаппаудың амалы қарастырылуда

Павлодар облысында биыл тағы 2 шағын мектеп жабылуы мүмкін. Бірақ, Білім басқармасы оларды сақтап қалудың амалын қарастырып жатыр. Жұмысы тоқтайтын білім ордалары ауылдарда. «Кез келген ауыл үшін мектеп - тіршіліктің қайнар көзі» - дейді шенділер. Халықты жұмыспен қамтып, түрлі мәдени іс-шаралар өткізілетін орын да білім ошағы екені белгілі. Сондықтан, жергілікті билік елді-мекендерге оңтүстік өңірлерден қоныстанушылар тарту ісін қолға алмақшы.   

Жомарт ҚАРАМБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өңірімізге бір ауданға бес-алты отбасы келсе, олар келгенде балаларымен келеді. Сондықтан мектепте жабылу мәселесі шешіледі. Жабылмайды. Сақтап қаламыз. Қазір осы жұмыстар күшейтіліп жатыр.

Сондай-ақ, 32 мектеп қайта құрылады. Өңірде 225 шағын мектеп бар, онда 15 мыңнан астам бала оқиды. Павлодар облысы бойынша соңғы үш жылда 41 білім ошағы жабылған. Мәселен, былтыр 9 мектептің жұмысы тоқтапты. Шенділердің есебінше, шағын мектептерде бір баланы қамтуға жылына 400 мың теңгеден 3 млн-ға дейін қаржы жұмсалады.  

Ә. Мұхитқызы