Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

AstanaTV
06.11.2017ж. 20:00
2657
Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Жаһандық және өңірлік сын-қатерлер төніп тұрған тұста министрліктің атқарып жатқан жұмысы өзекті. Дін істері және азаматтық қоғам министрін қабылдаған президент осылай деді.

Нұрлан Ермекбаев кездесуде азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шараларды айтты. Сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының  Президенті:

Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін маңызды, істеп жатқан шаруалар үшін, саяси ахуал үшін және ішкі жағдайды тұрақтау үшін, халыққа түсіндіру үшін, әсіресе жастарға.

Диана САПАРҚЫЗЫ