Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр

AstanaTV
06.02.2019ж. 20:00
2043
Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр

Атыраулық 25 студент шетелдегі күмәнді оқу орындарында білім алып жүр. «Оларға терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында насихат жұмыстары жүргізілгенімен, Отанға қайтару әзірге мүмкін болмай отыр»-, деді облыстық Дін істері басқармасы өкілдері. Жат ағымдардың артында кеткендердің 15-і Мысырда, 9-ы Сауд Арабиясында, 1-і Йеменде білім алып жатқан көрінеді. Олар оқып жүрген оқу орындары еш жерде тіркелмеген, жасырын ашылған. Әрі бітірген соң ешқандай сертификат не диплом бермейді. Соған қарамастан жастар діни көзқарастарын дамытамын деп жолға шығады. «Араларында алданып баратындар да бар»,- дейді мамандар.  

Қаһарман МҰСАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 

Ата-аналарына олар айтпайды. Өйткені, олар: «Оқу орнына бара жатырмын. Ислам оқу орындарын үйренемін»,- деп кетеді. Біреулер білмей барады. Үміттеніп барады ол оқу орны ресми деп, бірақ барған кезде байқайды. Олардың ата-аналарымен жолығып, хабарласып жатса, бері қарай қайтаруды үгіттеп жатырмыз.

Дін істері басқармасы оларды елге қайтарғанның өзінде ол идеологиядан арылмаса, қауіпті деп отыр. Айта кетейік, басқарманың ресми дерегі бойынша, бүгінде аймақта 3 мыңға тарта азамат жат ағымның жетегінде жүр. Оңалту жұмыстарының арқасында салафиттік бағытты ұстанып келген 106-сы дәстүрлі діни көзқарасқа қайтарылыпты.  

Б. Нәдірқызы