Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

АҚШ әскері Сириядан сәуірде толық шығады

AstanaTV
08.02.2019ж. 20:00
1983
АҚШ әскері Сириядан сәуірде толық шығады

АҚШ әскерін сәуір айының соңында Сириядан толық алып кетпек. Бұл туралы «Wall Street Journal» хабарлады. Басылымда жазылғандай сарбаздар Сирия жерінен алдағы апталарда шыға бастайды. Оған дейін ДАИШ содырлары қарсылығын толық басуы тиіс. Трамп террористерді толық жеңдім десе де, лаңкестік топтар Евфрат өзені маңында әлі әрекетін жалғастырып жатыр. Мақалада сонымен бірге АҚШ -тың әскерін алып кетпей тұрып Түркиямен келіссөз жүргізетіні жазылған. Мақсаты - түріктердің Сирияның солтүстік-шығысын бақылап отырған күрд жауынгерлеріне шабуылын тоқтату. Ресми Вашингтон Анкарамен келісе алмаса, әскерін әкетпей қою мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Пентагон нақты жауаптан бас тартып отыр, ал АҚШ мемлекеттік департаменті әскердің аймақтан шығу мерзімі белгіленбегенін хабарлады. 

А. Сейфулла