Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Өзбекстанда сатылған инсулинді «СҚ-Фармация» сатып алған

AstanaTV
11.02.2019ж. 20:00
2231
Өзбекстанда сатылған инсулинді «СҚ-Фармация» сатып алған

Өзбекстанда заңсыз сатылған инсулин «СҚ-Фармация» компаниясына тиесілі. Өткен жылы тараған ақпаратты растаған Комитет басшылығы осылай деді. Оны тапсырыс арқылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында бюджет қаражатына «Самұрық Қазына Фармация» компаниясы сатып алған. Алайда, инсулин Ташкент дәріханаларынан бір-ақ шықты. Істі тергеп-тексеруге ендігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті кіріскен. 

Людмила БЮРАБЕКОВА, ҚР ДСМ ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Ұлттық қауіпсіздік қызметі аталған препараттың сыртқа қалай шығып кеткенін қазір тексеріп жатыр. Инсулин расымен де «Самұрық-Қазына Фармациядан» тегін медициналық көмек аясында сатып алынған. Біздің айтып отырғанымыз - 2018 жылы жеткізілгендері. Ұлттық бюромен де қазір қосымша тексеріп жатырмыз.

А. Сейфулла