Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«RBK» банкінің салымшылары президентке үндеу жолдады

AstanaTV
03.11.2017ж. 20:00
2157
«RBK» банкінің салымшылары президентке үндеу жолдады

Ал «RBK» банкінің салымшылары Елбасынан көмек сұрады. Депозиттегі қаражатына қол жеткізе алмай отырған банк клиенттері қаржылық операциялардың жариялы болуын талап етеді. Бүгінде қаржы иниституты өз тұтынушыларына ешқандай ақпарат бермей отыр, - дейді бастамашыл топ өкілдері. Мемлекет басшысымен бірге олар Үкімет жетекшісіне, Бас прокуратураға үндеу жолдады. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық Банк қандай да бір ақпарат берген жоқ.

Гаухар Мәмбетқазиева, «BANK RBK» АҚ салымшысы:

Бізге бірде-бір толымды ақпарат берілген жоқ. Көп жылдан бері жиған-тергеніміз не болмақ? Оны қашан қайтарады? Ең құрығанда соның мерзімін айтуға болмай ма?! Бір апта, бір ай - қанша күту керектігін айтсын.