Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қате есептеу кесірінен 10 мың көпбалалы отбасының 4 пайызы ғана тиісті жәрдемақы алады

AstanaTV
20.02.2019ж. 20:00
3508
Қате есептеу кесірінен 10 мың көпбалалы отбасының 4 пайызы ғана тиісті жәрдемақы алады

Қате есептеу кесірінен 10 мың көпбалалы отбасының 4 пайызы ғана тиісті жәрдемақы алады. Халыққа есеп берген Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов осылай дейді. Мемлекет бөлген көмек қаражатқа бәрінің қолы бірдей жетуі керек. Ол үшін алдымен мұндай отбасылардың есебіне жету керек. Және қаражат үлестіру жүйесін барынша жеңілдету қаралған.   

Бақыт СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  

Бұл өте төмен көрсеткіш! Қалайша бұлай болды? Қаншама ақша қаралған, соны тұрғындарға бере алмай отырмыз. Ол отбасылардың несібесі. Мұқият зерттедік. Мақсат - атаулы әлеуметтік көмек тиесілі көпбалалы отбасыларды барынша қамту.

Сондай-ақ, Астана әкімдігі көпбалалы отбасыларға келешекте сатып алу құқығымен арнайы жалдамалы үйлер ұсынбақ. Бүгінде республикалық бюджеттік комиссияға құрылысқа қаржы бөлу үшін өтініш жіберілген. Талай жыл министр болған Сұлтановтың әкім ретінде бірінші есеп беруі. Ол барлық проблеманы ашық айтып, «жеке өзім барып көрдім» деген тіркесті жиі қолданып, халыққа жағуға тырысып бақты. Астананың «мәңгі» проблемасы үлескерлер бойынша былтыр 67 «сақалды құрылыс» 29-ға қысқарған. Қазір мәселесі шешілмеген 10 мыңнан аса үлескер қалып отыр. Олардың проблемасын 2020 жылы жойылмақ. Ал, қаланы көлкіген судан құтқару үшін 7 млрд теңге бөлінген. 14 тазарту құрылғысы 26-ға өседі. Су жинайтын 13 мың гектар, 23 мыңға ұлғайтылмақ.  

Бақыт СҰЛТАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  

Астана перестанет пародировать Венецию - никому не интересны детали, но мне, как и вам, важен результат. Мы должны перестать плавать в межсезонье.

Әкімге сұрақпен келгендердің қарасы қалың. Жиын біткенде де шулап қалғандар көп болды. Сұлтанов оларды түс ауа жеке қабылдауға шақырды.   

М. Дюсекина