Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жастардың ауылда жұмыс істеуіне жағдай жасау керек - Делегат

AstanaTV
28.02.2019ж. 20:00
3894
Жастардың ауылда жұмыс істеуіне жағдай жасау керек - Делегат

Жастарды кәсіп ашуға бейімдеу керек. Сол арқылы олардың ауылда қалуына жағдай жасай аламыз. «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне қатысып қайтқан Қызылордалық делагаттар осындай пікір білдірді. Астанада өткен алқалы жиында мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын көтеру қажет екенін баса айтты. Осыған сай енді Қызылорда облысында нақты жұмыс жоспарлары жасалмақшы. Сондай-ақ, әрбір отбасының тұрмыс жағдайын зерделемек. 

Аида ӘБИБУЛЛАЕВА, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОМИССИЯ ТӨРАЙЫМЫ: 

Бүгінгі таңдағы ауылдың жағдайын зерделеу. Негізі проблема болып тұрғаны: жастар ауылда тұрақтамайды. Не себептен? Өйткені, жұмыс жоқ. Жұмыс мәселесін ойластыру. Бұл жерде біз бизнесті дамытуымыз керек, кәсіпкерлікті дамытуымыз керек. Ол үшін біздің жастарға біліктілік жетіспейді. Кәсіби біліктілік, білімділік жетіспейді. Осы жастарды үйретуіміз керек, оқытуымыз керек.

Ш. Сақтапова