Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар ипотекаға қол жеткізу үшін Қостанай әкімдігі алғашқы жарна бермек.

AstanaTV
04.03.2019ж. 20:00
3339
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар ипотекаға қол жеткізу үшін Қостанай әкімдігі алғашқы жарна бермек.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылар ипотекаға қол жеткізу үшін Қостанай әкімдігі алғашқы жарна бермек. Оны субсидиялау үшін 84 миллион теңге қарастырылған. Қомақты қаражатқа «7-20-25» бағдарламасы бойынша 135 пәтер алынбақ. «Nur Otan» партиясы мұқтаждардың жағдайын тыңдап, проблемаларын шешуге атсалысып жатыр.  

Павлодарда ірі сауда орталықтары мен базарларда әлеуметтік көмек алудың жолдарын түсіндіретін «мобильдік орталықтар» ашылды. Кез келген тұрғын халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарынан ақпарат ала алады. Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға да кеңес беріледі. Игі бастаманы «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалы жүзеге асырып отыр.  

Венера ДЕМЕУБАЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  

Ең бастысы - олардың уақытын азайту. Өйткені, олардың үйлерінде балалары болғандықтан уақыттары болмайды. Мына дүкенге келген кездерінде олар біздерді көріп, кеңес алса болады. Әр бағыттан өз мамандары отыр. Әр бағыт бойынша оларға консультация беріледі.

Таразда бүгін «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жүйесі жұмысын бастады. «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезі делагаттары аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы отбасыларды қабылдады. Делегаттардың дені - облыстық мәслихат депутаттары. Олар мемлекет жәрдеміне мұқтаж тұрмысы төмен отбасылардың тілек-талаптарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.   

Гулам ОМАРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ЖЕТЕКШІСІ: 

Проблемаларының бәрі тұрғын үй, жер мәселелері сосын жәрдемақы мәселесі. Бүгінгі таңда 10 адамнан астам ана келді. Қазір соларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олардың 8-нің пробеламалары оң шешімін тапты. Қалғандарын енді қарастырып жатырмыз.

30 жасқа толғанша бес баланы өмірге әкелген оралдық Жанна Әлдібаева өзі сияқты аналарға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетініне қуанышты. Бұл туралы ол «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының активінде мәлімдеді.  

Жанна ӘЛДІБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА: 

Атаулы әлеуметтік көмек береді деп былтыр есептеткенде біздің отбасымызға 300 мың теңге шықты. Сосын біз ірі қара мал алдық жарты ақшасына, жартысына жем-шөп алдық. Соның енді бізге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сүті бар, еті бар деген сияқты. Әрі қарай көбейтеміз деген ойдамын.

Билік партиясының бастамасымен Қостанай облысындағы 10 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Кәсіпкерлер тарапынан көрсетілетін көмекке саяжай аумағын паналаған 15 адам да ілігеді. 

Әлімжан БЕКМАҒАМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ:  

Ең бастысы-халықтың әл-ауқаты, өмір сүру сапасы жақсару керек. Ол енді газ тартыла ма, болмаса жол мәселелері болады ма немесе ауылдың жағдайын дұрыстау, жұмыспен, баспанамен қамту. Осы барлық сұрақтарға нақты іспен, нақты нәтижелермен көрсетуіміз керек.

Жатақхананың тар бөлмесінде тауқымет кешкен жандардың да жаңа үй алуға үміті бар. Олардың алғашқы жарна құнын субсидиялау үшін 84 миллион теңге қарастырылған. Қомақты қаражатқа «7-20-25» бағдарламасы бойынша 135 пәтер алынбақ. 

З. Санай