Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралдық шенеуніктер кәсіпкерлікке бөлінген кейбір гранттарды қайтарып алмақ

AstanaTV
05.03.2019ж. 20:00
3112
Оралдық шенеуніктер кәсіпкерлікке бөлінген кейбір гранттарды қайтарып алмақ

Оралдық шенеуніктер кәсіпкерлікті дамытуға бөлінгенімен, дұрыс игерілмеген гранттарды өндіріп алмақ. Бүгінде бұл дау сотқа жетіп, 7 миллион теңгені қайтарып алу үшін талап-арыз да берілген. Жоспарын жүзеге асыра алмаған кәсіпкерлер 3,5 млн теңгені өз еркімен кері қайтарыпты. Жалпы бұл гранттар «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы 7 жылдан бері бөлініп келеді. Яғни, өз ісін бастағысы келген кез келген адамның жобасы мақұлданса, қомақты ақша беріледі. Сол кезден бері бағдарлама бойынша 220 миллион теңге бөлініп, 110 жоба мақұлданған. Қайтарымсыз қаржыны мүгедектер де ала алады. Басты талап - мемлекет қаржысының шашауын шығармай, жаңа жұмыс орындарын ашу.  

Мейрам ҚАБДЫҒАЛИЕВ, БҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 

Грант алғанға дейін құрал-жабдықтардың бағалары осындай-осындай болған, мысалы, 2 миллион болған деп айтайық. Грант алып, құралдарды алайын деген кезде бұл құралдардың бағалары өсіп кеткен, 4 миллион немесе 5 миллион болып кеткен. Қайтарымсыз болғанмен де бұл ақшаны олай да, бұлай шаша беруге болмайды. Өйткені, оның артынан мониторинг жүргізетін бөлім бар. Сол бөлім қадағалап, есептерін алып, бір жылдың ішінде жоба жүзеге асуы керек.

Алайда, грантқа қол жеткізгендердің бір бөлігі өз ісін жүзеге асыра алмаған. Осылайша, екі кәсіпкердің ісі сотқа беріліпті.  

Е. Карин