Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көктем мерекесінде шенеуніктер аналарына, жұбайлары мен қыздарына не сыйлайды?

AstanaTV
07.03.2019ж. 20:00
4084
Көктем мерекесінде шенеуніктер аналарына, жұбайлары мен қыздарына не сыйлайды?

Ал осы көктем мерекесінде шенеуніктер аналарына, жұбайлары мен қыздарына не сыйлайды? Біздің арна тілшілері осындай сұрақтарды үкімет мүшелеріне қойып көрген еді. Жаңа үкіметтегі ең үлкен министр Бердібек Сапарбаев романтик екенін білдіріп қалды. Бастысы сыйлықтың құны емес, көңіл деп есептейді екен.  

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Гүл, махаббат, қуаныш сыйлау керек. Еркектің әйелге бере алатын басты сыйлықтары - осы.

Сапарбаевтың орынбасары да гүл сыйламақ. Бірақ онымен ғана шектелмек емес. Ал Денсаулық сақтау министрі жұмысы бастан асып жатқандықтан болар, қазір оны ойлайтын уақыт емес екенін айтты. Бірақ жұбайына не тарту ететінін құпия сақтаған дұрыс деп санайды.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Ең үлкен сыйлық - шынайы сезіміңді білдіру. Одан кейін - гүл.

Нариман МҰҚЫШЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Әрине, гүл. Менің ойымша, кез келген әйел адам гүлді жақсы көреді. Одан кейін, бірдеңе сатып алып, сыйлай салғаннан гөрі, өз қолыңнан жасалған сыйлық берген дұрыс.

Барлық ер адамдар сияқты Арыстанбек Мұхамедиұлы да гүлді басты сыйлық санайды. Министр әйелін ғана емес, ел алдында жүрген қыз-келіншектерді де құттықтамақ.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Дүниежүзінде үлкен биік белестерге жеткен Бибігүл Ахметовна, Айман Мұсақожаева, осы саладағы барлық әріптестерімді, Ольга Шишигина болсын, бәрін құттықтап шығамын. Содан кейін бірге істеп жүрген әріптестерімді де, министрліктегі, оларды да құттықтаймын. Сонымен бірге жанұям да міндетті түрде.

Д. Қайыртай