Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ВИЧ жұқтырған науқас дерттен толықтай айықты

AstanaTV
07.03.2019ж. 20:00
3839
ВИЧ жұқтырған науқас дерттен толықтай айықты

ВИЧ жұқтырған науқас дерттен толықтай айықты. Нидерланды дәрігерлері осындай мәлімдеме жасады. «Naked Science» хабарлауынша, бұл тарихтағы үшінші жағдай. Бұған дейін «The Guardian» британдық дәрігерлер осындай науқасты емдеп жазғанын хабарлаған еді. Есімі аталмаған ер адам иммун тапшылығы вирусымен 2003 жылдан бері ауырған. Ал 2012 жылы оған қанның қатерлі ісігі диагнозын қойып, 2016 жылы жілік майын ауыстырады. Осыдан кейін антиретровирус терапиясынан өткен. Дәрігерлер зерттеу кезінде вич инфекциясы анықталмады деп отыр. Осылайша жілік майын ауыстыру арқылы дерт жойылған. Дәрігерлер бұл екінші жағдай екенін айтады. 2007 жылы Германияда Тимоти Браун есімді науқастың емі сәтті аяқталған. Оның қанынан вирус әлі күнге дейін анықталмаған. Дегенмен дәрігерлер басқа науқастарды осындай әдіспен емдеу аса күрделі әрі қауіпті екенін айтады. Бағасы да қымбат. Оның үстіне донорлар да жеткіліксіз көрінеді.  

Ә. Өмірзақ