Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Америкалықтар еліміздегі БАҚ рейтингін есептейтін жаңа порталдың жұмысын таныстырды

AstanaTV
11.03.2019ж. 20:00
3063
Америкалықтар еліміздегі БАҚ рейтингін есептейтін жаңа порталдың жұмысын таныстырды

Америкалықтар еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының рейтингін есептейтін жаңа порталдың жұмысын таныстырды. Ол арқылы «онлайн-басылымдар» оқырман қызығушылығы мен сайттағы белсенділікті толық бақылай алады. Ол үшін «Olshem.kz» порталына кіру жеткілікті. Мұны АҚШ елшілігі «ЧартБит» компаниясымен бірлесе ұсынып отыр. Идея авторлары осы жоба арқылы ақпараттық порталдар оқылым санын көбейтеді, ал жарнама берушілер аудитория таңдағанда жаңылыспайды,- деп отыр.  

Шон БОДА, АҚШ ЕЛШІЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Бүгінде «ЧартБит» компаниясы қызметін АҚШ-тың 75 пайыз БАҚ өкілдері қолданады. Олардың қатарында «The New York Times», «СNN» секіліді бүкіл әлемге жақсы таныс агенттіктер бар. Ал биыл Қазақстанда бірінші рет іске қосылған жобаға 25 онлайн-ақпараттық басылым тартылды.  

Орталық Азияда алғаш Қазақстанда іске қосылған жобаға тіркелу құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Биыл бірінші жыл ақпараттық агенттіктерге тегін тіркелуге мүмкіндік берілген.  

Кара МАККЛОУСКИ, «CHARTBEAT» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: 

Бұл ресурс бес негізгі көрсеткіш бойынша деректер талдауын көрсетеді: оқылымдар, сайтқа кірушілер саны, қай елде оқылғаны жайлы ақпарат, жаңалыққа сілтеме арқылы не сайтқа кіру арқылы келгені және 24 сағат, 7 күн, 1 ай ішіндегі ең үздік жазба жайлы ақпарат. Бұл көрсеткішті қарапайым оқырман да, өзге сайт өкілдері де көре алады. Осылайша нәтижеге қарай отырып, жұмысты жақсартуға болады.

Ә. Өмірзақ