Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қытайда есірткі таратты деген күдікпен ұсталған қазақстандық студент қыз елшілік есебінде тұрмаған - ҚР СІМ ресми өкілі

AstanaTV
11.03.2019ж. 20:00
3431
Қытайда есірткі таратты деген күдікпен ұсталған қазақстандық студент қыз елшілік есебінде тұрмаған - ҚР СІМ ресми өкілі

Қытайда есірткі таратты деген күдікпен ұсталған қазақстандық студент елшілік есебіне тұрмаған. Сол себепті оның Хуанчжоу қаласында алты жылдан бері оқитынын Сыртқы істер министрлігі білмеген. Бүгін 25 жастағы ақтаулық Юлия Ходевамен ата-анасы жалдаған адвокат бірінші рет кездесті. Апта соңына дейін Қазақстанның Қытайдағы елшісі қызбен жеке жолығу үшін абақтыға бармақ. Юлия Ходеваны Қытай полициясы есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 27 ақпанда ұстаған еді. Оған Хуанчжоудағы технологиялық университетті аяқтауға небәрі екі-ақ ай қалған. Ата-анасы қызға жала жабылды деп жыларман күйде. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Шетелде жүрген барлық қазақстандық студенттерге айтарымыз - міндетті түрде консулдық мекемелерге барып, консулдық есепке тұру қажет. Адвокат Қытайдың азаматы, әке-шешесіне бірнеше адвокат ұсынылды. Соның біреуін әке-шешесі таңдап, жалдап бүгін бірінші кездесуі болды.

А. Сейфулла