Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жомарт Ертаев экстрадицияланды

AstanaTV
15.03.2019ж. 20:00
3146
Жомарт Ертаев экстрадицияланды

Жомарт Ертаев Ресейден елге экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі хабарлады. «RBK Bank» басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Ертаевқа былтыр наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған. Ол 2011-2017 жылдар аралығында қызметін пайдаланып, өзге тұлғалармен сыбайласып, банктің 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдікке ілікті. Тергеу барысында 15 млрд теңге өтеліп, 48 млрд теңгенің мүлкі бұғатталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда отыр.  

Дархан ДҮЙСЕМБАЙ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Сондай-ақ, Ертаевпен бірге 54 адам, соның ішінде банктің 41 топ-менеджері мен банктің қатардағы жұмысшылары - бұрын экстрадицияланған Ибрагим, Мажинов, Туғанбай, Едігенев, Мамырбеков, Шәріповтер күдіктілердің ішінде. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

А. Бектас