Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жемқорлық рейтингісі: Маңғыстау облысы көш бастап тұр

AstanaTV
15.03.2019ж. 20:00
6935
Жемқорлық рейтингісі: Маңғыстау облысы көш бастап тұр

Елде доллармен бірге пара көлемі де өскен. Үш жыл бұрын орташа пара 61 мың теңге болса, былтыр ол 193 мыңды құрапты. Бұл туралы Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық форумында мәлім болды. Сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген арнайы сауалнама қортындысы бойынша Қазақстанның қай аймағында жемқорлық шарықтап тұрғаны анықталды. Сонымен, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі ең жоғары өңірлер қатарында- Маңғыстау, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары. Ал жемқорлық аз аймақ ретінде екінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы тіркелді. Және Ақмола мен Қызылорда облыстары да бар. Айта кету керек, бұл көрсеткіш 4 мыңнан астам бизнес өкілдерінен алынған сауалнамаға сүйеніп жасалған. Ұлттық палата мемлекеттік органдар арасында жемқорлық жер қатынастары басқармаларында өршіп тұрғанын атап өтті. 

Ербол ӨЗТЕМІРОВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  

Бір карта интерактивті карта әкімдіктер жасау керек. Кез келген адам кіріп жер іздеген кезде сол карта бойынша көріп жердің тұрған жері, көлемі, нысаналық мақсаты. Ала алады ма? Сол карта арқылы аукционға қатысып алу керек деген біз сондай өзімізге міндет қойып отырмыз. 

Н .Біләл