Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астанада Есілді кесіп өтпек болған 62 жастағы азамат суға батып кете жаздады

AstanaTV
27.03.2019ж. 20:00
2862
Астанада Есілді кесіп өтпек болған 62 жастағы азамат суға батып кете жаздады

Астанада Есілді кесіп өтпек болған 62 жастағы азамат суға батып кете жаздады. Құдай сақтап, жедел жеткен құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп, оны аман алып қалды. Төтенше жайтты сырттай куәгерлер видеоға түсіріп алған.  

Эльдор РАЙЫМБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 

Кешкі сағат 6-дан 10 минут кеткенде 112 біздің диспетчерлік пунктіне хабарлама түсті. Жедел 8 минутта біздің құтқарушылар арнайы техникамен жетті. Сол жердегі азаматты су ішінен алып шықты. Мұздың жұқаруына байланысты және де осы Астаналық су қоймаларынан су жіберіліп жатыр. Сол сбебепті мұз күнделікті 2-3 см жұқарып жатыр.  

Ал бүгіненнен бастап астанада мұзбен жүруге тиым салынды. Халық көп жүретін жерлерге 30-ға жуық тақтайша ілген. Мектеп оқушылары мен тұрғындар арасында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еске сала кетсек, былтыр көктемде сең сөгіліп, бір азамат Есілге батып кеткен. Су температурасы 4 градустан жылы болса, мұз үстінде 5 минуттан артық тұру адам өміріне қауіпті.   

Ә. Өмірзақ