Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«АрселорМиттал Теміртау» табиғатқа зиян келтіргені үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

AstanaTV
27.03.2019ж. 20:00
3953
«АрселорМиттал Теміртау» табиғатқа зиян келтіргені үшін 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

«Арселор Миттал Теміртау» қоршаған ортаға орасан зиян келтіргені үшін 1 млрд 400 млн теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасы хабарлайды. Алпауыт компания шаруашылық-тұрмыстық қалдық суларды төгу және қазандықтарды қолдану кезінде экологиялық тәртіптерді сақтамай, жер мен ауа ластанған. Экологтар Металлургия зауытынан ауаға рұқсат етілген қалыпты мөлшерден анағұрлым көп қалдық тарағанын анықтапты. Соған қарамастан кәсіпорын тиісті мекемелердің ескертуіне құлақ аспаған. Шетелдік инвестор аппелляциялық сот шешімі күшіне енген соң ғана тиісті соманы төлеуге мәжбүр болды. 

А. Қуаш