Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Халықтың әл-ауқатын арттыру - «Nur Otan» партиясының басты бағыты

AstanaTV
29.03.2019ж. 20:00
3944
Халықтың әл-ауқатын арттыру - «Nur Otan» партиясының басты бағыты

Ақтөбедегі «Халыққа көмек» қоғамдық қыбалдау орталығына бір айдың ішінде жүздеген тұрғын келген. Олардың арасында көп балалы аналар да бар. Олар негізінен баспана, жұмыс, материалдық көмек сұраған. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың өңірге жасаған жұмыс сапарында белгілі болды. 

Мәулен Әшімбаев ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүзеге асырылған «Халыққа көмек» жобасының жұмысымен танысты. Жергілікті партия белсенділері жобаның тиімді тұстарын сөз етті. 

Дархан БОРАНҚҰЛ, «NUR OTAN»ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Жалпы осы акция басталғалы бір айдан астам уақыт өтті. Біріңғай әлеуметтік терезе жүйесіне жалпы саны 93 жуық арыз, әртүрлі өтінім түсті. Оның қырық екі пайызы шешімін тапты.

Мұнан соң «Бақытты отбасы» жобасының орындалу барысымен танысты. Бұл жоба бойынша көп балалы отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға пәтер кілтін табыс ету шарасына қатысты. Айта кетейік былтыр облыста 900 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Ал, биыл 937 мың шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр.  

Әлия САҒЫНДЫҚОВА, ТҰРҒЫН: 

Өз үйім болмаған соң пәтер жалдап тұрдым. Бес жылдай қиналғаным бар. Үміт үзбеу керек. Аяқ астынан берді. Аяқ астынан айтты. Көріп, біліп кілт ұсынғанына қазір қуанып тұрмын.

Мұнан соң партия мүшелері бас қосқан жиын өтті. Онда «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII Съездінде Елбасы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы пысықталды. Мәулен Әшімбаев жаңа міндеттерді орындау тектіктерін жіктеп, төрт әлеуметтік жобаның жүзеге асыру барысы талқылады.           

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Сондықтан партия ел дамуының жаңа кезеңінде жаңа қарқынмен ерекше екпінмен жұмыс істеуі қажет құрметті әріптестер. Осы ретте Елбасы алдымызға қойып отырған мақсаттар Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, еліміздегі өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз. Ол үшін бәріміз жұдырықтай жұмылып әрекет етіп белсенді жұмыс жістеу керекпіз.

Сапар барысында Мәулен Әшімбаев Елімізде тұнғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып ашылған коворкинг орталықтың жұмысымен танысты. Ол «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қолға алынған болаты. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылықпен айналысып, дамуына жағдай жасалған.  

Б. Рахметова