Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкент түрмесінде отырған нигериялықтар жазасын өз елінде өтегісі келеді

AstanaTV
31.10.2017ж. 20:00
2982
Шымкент түрмесінде отырған нигериялықтар жазасын өз елінде өтегісі келеді

Шымкентте жазасын өтеп жатқан Нигерия азаматы өз еліне экстрадициялауды сұрайды. Сотталған шетелдік түзеу мекемесіндегі қабылдау кезінде Бас прокурорға осындай өтініш айтты. Нвоке есімді нигериялық сыбайласы Оба Жозефатпен бірге Шымкентте жазасын өтеп жатыр.

Нұрғалым Әбдіров, ОҚО прокуроры:

Экстрадициялау мәселесі жөнінде Бас прокуратураға өтініш дайындауға кеңес беремін. Егер екінші тарап сотталғандардың жазасын толық өтейтініне кепілдік берсе және ол Қазақстан заңына сәйкес болса, біздің мемлекет мұндай келісімге дайын деп ойлаймын.

Аса ірі көлемде алаяқтық әрекет жасамақ болған қос африкалық 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылған. Оңтүстікте кәсіпкерлердің бірімен танысқан олар Қазақстан  экономикасына қомақты инвестиция салу үшін бір шабадан АҚШ ақшасын ала келгенін айтады. Тек оны шекарадан өткізу үшін қара түспен бояуға мәжбүр болдық деп сендірген. Қара қағазды сиқыршылық жолмен кәдімгі ақшаға айналдырамыз. Бұл үшін 16 мың доллар қажет дейді. Алайда «сиқыр» жасау үстінде ұсталып қамалған.

Бүгінде Нигерия азаматтары қазақ және орыс тілдерін біршама үйреніп алған. Түзету мекемесінде еңбекке араласып, тігіншілікті де меңгеріп жүр.