Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«NCOC» компаниясы мұнай-газ өндіруді уақытша тоқтатады

AstanaTV
09.04.2019ж. 20:00
2893
«NCOC» компаниясы мұнай-газ өндіруді уақытша тоқтатады

Қашаған кен орнында күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осы орайда, мұнай өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылмақ. Бұл туралы NCOC компаниясының баспасөз қызметі жазбаша ақпарат таратты. Айтуларынша, жабдықтарға техникалық тексерулер жүргізу және жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әр екі-үш жыл сайын толық тоқтатылады. «Болашақ» зауыты мен «D» аралында күрделі жөндеу сәуір айының басына жоспарланған. Бұл жұмыстар 45 күнге созылмақ. Айта кетейік, 2016 жылы мұнай өндіру қайта басталған кезден бүгінге дейін 26 миллион тоннадан астам мұнай, 7,5 миллиард текше метрден астам газ өндіріліп, экспорттады.  

Б. Нәдірқызы