Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыда жазушылар кезектен тыс сайлауға қатысты пікір білдірді

AstanaTV
10.04.2019ж. 20:00
4755
Алматыда жазушылар кезектен тыс сайлауға қатысты пікір білдірді

Президенттің кезектен тыс сайлауы - уақыт талабынан туған саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар шешім. Алдағы жоспарды айқындау үшін уақытында, басшыны тағайындап алған дұрыс. Бүгін Алматыда Қазақстан жазушылар одағында өткен кеңесте қаламгерлер осындай пікір білдірді. Еліміздің дамуын ұштастырып, үлкен биіктерге қол жеткізуге көзделген мақсат-мұраттар бар. Осы орайда сайлау үлкен рөл атқаратын болады. Бұл сайлаудың демократиялық, әділ, таза өтуіне Президенттің кепіл болатынына сенеді.  

Нұрдәулет АҚЫШЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Адал қызмет ететін, шын мәнінде адам болса деп тілейміз. Екіншіден, Жазушылардың айтып жатқаны, мынау демократиялық үрдістерді тереңдете түссе. Үшіншіден өзімнің қосатынымыз Тұңғыш Президентіміздің бастамаларын жаңа келген адам өшіріп тасамай, жалғасытырп әкетсе деп ойлаймын.

Р. Асқарбекұлы