Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін жаңа шарттар ұсынды

AstanaTV
10.04.2019ж. 20:00
2112
Сауль Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін жаңа шарттар ұсынды

Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырық түйістіруге дайын екенін мәлімдеді. Алайда мексикандық қарымта айқастың жаңа шарттарын ұсынып отыр. Спорт жаңалықтары жайлы Заңғар Санай сабақтайды.  

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен кезекті кездесу өткізуге дайын екенін білдірді. Бірақ мексикандық жаңа талаптар қойды.Ол қазақстандық боксшы жыл соңына дейін белдік алған жағдайда жұдырық түйістіретінін мәлімдеді.Әзірге, "Канело" американдық Дэниэл Джейкобс арасында 4 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Жеңіске жеткен жағдайда мексикалық боксшы WBO атағы үшін шаршы алаңға шығып,абсолюттік чемпион болғысы келеді.Ал, Головкиннің жекпе-жегі 8 маусымға жоспарланған. Оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз. 

Зілтемірші Илья Ильин Азия чемпионатында сынға түседі. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы 18 адамнан тұратын құрамаға енді. Құрама команда 18-28 сәуір аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтетін турнирде ел намысын қорғайтын болады. Ильин 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетпек. Атап өтейік, азия чемпионаты спортшыларға 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу үшін ұпай жинауға мүмкіндік береді. 

Ал, Чемпиондар Лигасында ширек финалдың алғашқы матчтары өтті. Олардың бірінде "Тоттенхэм", "Манчестер Ситиді "тобығынан сүріндіріп 1:0 есебімен жеңді. 78-минутта гол салған шабуылшы Сон Хын Мин ойынның басты кейіпкеріне айналды. 

Ширек финалдың тағы бір кездесуінде ағылшындық "Ливерпуль "өз алаңында португалдық"Порту" командасын ойсырата жеңді. Кездесу нәтижесі 2:0. Ливерпуль ойыншылары есепті ойынның бесінші минутында ашып, Кейт Нәби ерекше көзге түсті.Арада 21 минут өткенде шабуылшы Роберто Фирмино есепті еселеді.

З. Санай