Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ақтөбеде қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілікті

AstanaTV
15.04.2019ж. 20:00
4139
Ақтөбеде қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілікті

Ақтөбеде үй кезегін жылжытуға көмектесіп, олардың кейбіріне мемлекеттік бағдарламамен элиталы үй алып бермек болған шенеунік күдікке ілікті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ол - Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова. Алаяқтық жасады деп айыпталған шенеунік қамауға алынды. Одан 2015-2018 жылдар аралығында қырық адам зардап шеккен көрінеді.

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2019 жылдың 12 сәуірдегі қаулысымен өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасағаны үшін күдікті деп танылған Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызына қатысты екі ай мерзімге яғни 2019 жылдың 10 маусымына дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Б. Рахметова