Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Ақмола облысының Мариновка ауылында мектеп оқушысы сенбілік кезінде қаза тапты

AstanaTV
16.04.2019ж. 20:00
5219
Ақмола облысының Мариновка ауылында мектеп оқушысы сенбілік кезінде қаза тапты

Ақмола облысының Мариновка ауылында мектеп оқушысы сенбілік кезінде қаза тапты. Балаларға сол күні теміржол бойын тазарту тапсырылған көрінеді. Мектеп директоры бұл Атбасар аудандық әкімдігінің нұсқауы десе, әкімдік өкілдері мұндай бұйрық болмағанын айтып отыр. Бала өліміне кім жауапты ? Әлішер Өмірзақ тараптарды тыңдады.  

Әлішер ӨМІРЗАҚ,ТІЛШІ:

Мына мектеп пен темір жолдың арасы небәрі 50 метр ғана. Поез жолдың бойы қауіпті аймақ болып есептелгенімен, мұнда ешқандай ескертпе белгі де, қоршау да жоқ. Сенбілікке шыққан мектеп оқушылары рельстің манына дейін тазалаған. Мұғалімдердің қадағалауынсыз қалғанда 3 оқушы вагонның төбесіне мінбек болған. Бірінші болып көтерілген окушыны түйіспелік сымнан тараған ток ұрып, сол жерде жан тапсырған.

Оқиға орнында болған куәгерлер мектеп ұжымынан сенбілікте ешкім болмағанын айтады. Оқушылар мектеп ауласын ғана емес, темір жол маңын да тазартқан. Ал, Танзиля Ахметова жалғыз қалғанына сене алар емес.

ТАНЗИЛЯ АХМЕТОВА, ҚАЗА ТАПҚАН БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Жалғыз ұлым. Үмітім еді. Жұмыста едім, естігенде қол аяғым өзіме бағынбай қалды. Сенбілік кезінде мектеп директоры, сынып жетекшілер қайда қараған ? Олар заң алдында жауап беруі керек деп есептеймін. Жарым 2011 жылы көлік апатынан қаза тапқан еді. Енді ер жетіп тұрғанда ұлымнан да айырылдым.

Біз қаза тапқан Асанәлі Төлегеннің жақындары мен куәгерлерді мазалаған сұрақты мектеп директорына қойдық. Ол темір жол бойын тазалауды аудандық әкімшілік бұйырғанын айтты.

Сәуле МҰХАММЕДҚАЛИЕВА, МАРИНОВКА ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Хат жолданды. Тоғызынан бастап сенбілікке шығыңыздар, бізге күнделікті есеп беріп отырасыздар деп. Біз тоғызы күні шыққан жоқпыз, оны күні техперсоналдар шықты. Он бірі күні міне «чистый четверг», бүкіл Астбасар бойынша массовый субботник болды. + Көтердік, мен өзім әкімшілікке барып сол жианылыстың хаттамасын аламын. Егер керек болса көрсетемін сіздерге. Әкімшілік бұл сұрақты назарға аламыз деген. Әлі ешқандай шешім жоқ.

Ал, Атбасар ауданы әкімдігі мұндай бұйрықты жоққа шығарды. Ал, мектеп директорын өз қызметін дұрыс атқармағаны үшін жұмысынан босатқан.

Наталья НАЙМУШИНА, АТБАСАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз аудандық сенбілікке шақыру туралы мектептерге хат жолдағанымыз рас. Десе де, пойыз жолдың маңын тазалау ешқандай ережеде қарастырылмаған. Біз олай етуді міндеттегеніміз жоқ. Белгіленген ережеге сай, мектеп ауласын ғана тазалауы шарт. Бүгінде мектеп директоры мен қаза тапқан баланың сынып жетекшісі өз еріктерімен жұмыстан кетті.

Қайғылы оқиға кезінде Асанәлінің қасында сыныптасы Әлішер Сүлейменов те болған. Абырой болғанда оны ток соқпаған. Бірақ, вагоннан құлап, басын жарақаттаған және психологиялық тұрғыда ауыр соққы алғандықтан ауруханада жатыр.

Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВ, МАРИНОВКА ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:

Но, бірақ, ол футболист болған неше 5 жасынан ба футболға қатысып. Осы жолы качатся етті тренажеркада, бірге барып жүретінбіз. Асанәлі екеуміз ең жақын дос болғанбыз...

Пойыз жолдың төбесінде тартылған түйіспелік сымда жиырма жеті мың бес жүз вольт бар. Бұл үйдегі техникаға арналған тоқтан жиырма есе көп.

Ә. Өмірзақ