Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысында өгей шеше қамқорлығындағы 3 қызды азаптады деп айыпталып, қамауға алынды

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
6748
Түркістан облысында өгей шеше қамқорлығындағы 3 қызды азаптады деп айыпталып, қамауға алынды

Түркістан облысында сұмдық оқиға. Өгей шеше қамқорлығындағы 3 қызды азаптады деп айыпталып, қамауға алынды. Ол мектеп жасындағы қыздарын ұрып-соғып, тіпті саусақтарын тістеуікпен қысқан көрінеді. Қыздардың көгала болып жүргенін көрген мұғалімдер дереу дабыл қаққан. Бір қызығы, қатал шеше өзінің зұлымдықтарын қағаз бетіне жазып, тізбектеп келген. Айзада Төребекқызы жалғастырады.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: 

Үш қызын азаптады деп айыпталып отырған өгей шеше бүгін түске таяу уақытша ұстау абақтысына жабылды. 28 жастағы келіншектің өзі де ана. Бұл отбасында қыздардың әкесімен ортақ екі жасқа толмаған ұлы бар. Тағы екіншісіне аяғы ауыр екені мәлім болды.

Мына тыртықтың бәрі плоскогубцымен қысқан...сөйтіп мыналардың бәрі плоскогубцы,.. кейін арт жақа мына жерлерге пышақ тығып алған... 

Кішкентай қыздың денесінің сау жері жоқ. Әлеуметтік желіге тарап, дүйім жұрттың жағасын ұстатқан бұл бейнежазбаны жасөспірімдердің туысы жариялаған. Апалы-сіңілі үш қыз қазір ауруханада, ем қабылдап жатыр. Сұмдық жәйттің беті оқушы қыздардың бірінің сынып жетекшісінің араласуымен ашылып отыр. Өткен аптада 14 жасар оқушысы көгерген бетін байқатпау үшін бетін опалап келгені оған сезік тудырса керек. Алайда, оқушы құлап қалдым» деп жалтарған. Қыздардың айтуынша шапалақтан басталған қорлық күн өткен сайын үдей түсіпті.

Қазір арнайы мамандардан шұғыл топ құрылған. Бірақ ата-анасы балалар құлап қалды дегеннен танбапты.

Тұрсынбай МЫРЗАЛИЕВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қыздардың өгей анасы да болды комиссия отырысында. Мойындаған жоқ, қыздар өздері құлап қалды дейді. қыздар да сол жерде өзіміз төбелестік, ештеңе жасырып айтқысы келмейді да қыздар. Әжесі үйіне барғаннан кейін жатар уақытта түнде денесіндегі басқа да дақтарды байқайды. Біз ол жерде тек бетіндегісін көрдік қой. Дегесіндегі басқа да дақтарды байқайды да шұғыл аудандық ауруханаға хабарласып, сол жаққа алып барады.

Белгілі болғанындай, қыздардың ата-анасы бес жыл бұрын ажырасып кеткен. Қыздар анасын содан бері көрмеген. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мәлімет 12 сәуірде Жетісай аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 140 бабы бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағай ындалады. Тергеу барысында болған оқиғаның мән жайы анықталады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қыздар алдағы уақытта әжесінің қамқорлығына берілетін болады. Білім бөлімі мамандары осылай деді. Ал өгей шеше мен оның әкесі ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл мәселені Білім министрлігінің өкілдері бақылауға алды.

А. Төребекқызы