Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Бірлік» саяси партиясы Президенттік сайлауға қатыспайды

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
5116
«Бірлік» саяси партиясы Президенттік сайлауға қатыспайды

«Бірлік» саяси партиясы Президенттік сайлауға қатыспайтын болды. Тіпті съез де өткізбейді. Бұл туралы партия төрайымы Роза Куанышбаева мәлімдеді. «Бірлік» - Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияның бірі әрі Орталық сайлау комиссиясымен тұрақты байланыста. Бұдан бөлек, «Азат» демократиялық партиясы да саяси додаға қатыспайды. Ал, «Nur Otan» 23 сәуірде өтетін съезде партия атынан сайлауға қатысатын кандидаттың есімін атайды. «Ақ жол» съезі 24 сәуірде, Қазақстан коммунистік халық партиясы 26 сәуірде өткізеді. «Ауыл» мен Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауға қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.  

А. Бектас