Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ел аймақтарында «Nuг Оtап» партиясы филиалдарының кезектен тыс конференциялары өтті

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
3813
Ел аймақтарында «Nuг Оtап» партиясы филиалдарының кезектен тыс конференциялары өтті

Нұротандықтар жұрттың қоғамдық қабылдау бөліміне келуін күтпей, көмекке зәру тұрғындарды өздері іздестірмек. Бұл жайында «Nuг Оtап» партиясының облыстық конференциялары кезінде айтылды. Жетекші партия мүшелері Елбасы тапсырған «Халыққа көмек», «Ауыл-ел бесігі», «Құтты мекен» мен «Бақытты отбасы» жобаларының іске асырылуын пысықтады. Артынша «Nur Otan» партиясының ХІХ съезіне делегаттар сайланды. Өңірлерде өткен жиын жайлы Абзал Құрманкин әңгімелейді.  

Қостанайда «Nur Оtап» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында алдағы сайлаудың маңыздылығы мен Елбасы айқындап берген партиялық жобалардың жүзеге асу барысы талқыланды. Өңірде іскерлердің қолдауымен екі мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген. Ал, «Құтты мекен» жобасы аясында биыл 531 шақырым жол жөнделмек. Бұл мақсатқа 15 миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.

Әлімжан БЕКМАҒАМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ: 

«Nuг Оtап» партиясы біздің еліміздегі көшбасшы күш болғандықтан, нақты істердің партиясы болғандықтан, сол партияның бірнеше жобаларының жүзеге асып жатқанын біздің облыстағы жетістіктерін ортаға салдық.

Ал, Ақтөбе облысында аз қамтылған азаматтардың 3 мыңын қайта оқытып, бес мың адамды жұмысқа орналастыру мәселесі шешілмек. «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй алу үшін бастапқы жарна субцидияланатын болады. Ол үшін қазынадан қосымша 3 млрд теңге қарастырылған.

Әсел САРМАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Биылғы жылы біздің өңірімізде аз қамтылған отбасыларға 720 пәтер беру жоспарланып отыр. Алдағы үш жылдың ішінде осы санаттағы отбасыларға 110 пәтер беруді бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қызылжарда біріңғай әлеуметтік терезеге екі айдың ішінде 116 отбасы көмек сұрай келген. Мемлекеттік органдар және бизнесмендердің қолдауымен 25 пайызына тікелей көмек көрсетіліпті. Енді теріскейлік нұротандықтар ақпарат құралдары арқылы көмекке мұқтаж жандарды өздері іздеп тауып алуды жоспарлап отыр.

Евгений ГЛОТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Партияның қоғамдық қабылдау жұмысын түбегейлі өзгерту керек. Олар тұрғындардың келуін тосып отырмауы тиіс. Өзіміз әлеуметтік желінің барлық түрлерін пайдаланып, белгілі мәселеге тап болған адамдарды өзіміз табу керекпіз. Осылайша «Nur Otan» партиясы тұрғындар мен мемлекеттік органдарды байланыстыратын көпірге айналмақ.

Әлеуметтік саланың дамуы «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстандағы филиалында өткен жиында да айтылды. Аймақта құрылған әлеуметтік картаға 26 мың көпбалалы отбасы енген. Сондай-ақ, осы топтағы отбасы балалары үшін мектеп формасын тігу ісі де қолға алыныпты. Жергілікті тігін фабрикаларына тапсырыс беру басталған. Бұл мақсатқа 500 миллион теңге бағытталған.

Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өңір басшысының тапсырмасымен бізде кешенді бағдарлама әзірленді. Жергілікті атқарушы органдар тез арада қаржы көздерін тауып алды.

Шымкентік партия белсенділері «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мектептер мен оқу орындарындағы IT сыныптардан бөлек, шаһарда «STEM IT - ОРТАЛЫҒЫ» ашылмақ. Бұл туралы партия филиалының кезекті конференциясында айтылды. Депутаттар оған қажетті қаражаттың қарастырылып жатқанын жеткізді. Аймақтарда өткен конфенция барысында әрбір өңірден партияның кезектен тыс съезіне қатысатын делегат сайланды. Олар сәуірдің 23 күні өтетін «Nur Otan» партиясының XIX съезіне қатысып, Ел Президенттігіне үміткерді таңдамақ.

А. Құрманкин