Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Наурыз айынан бастау алған «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе жобасы аясында 5 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген

AstanaTV
24.04.2019ж. 20:00
2322
Наурыз айынан бастау алған «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе жобасы аясында 5 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген

Наурыз айынан бастау алған «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе жобасы аясында 5 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының бөлім меңгерушісі Бақыт Темірова айтты. Түрлі көмек әр саланың мамандары кіретін мобильді топпен көрсетілген. Бас-аяғы 12 мыңнан аса өтініш түскен. Оның жартысына жуығы арнайы жұмыс істейтін Call орталық пен әлеуметтік желілер арқылы жетіпті. Көпшілікті мазалаған сұрақтар қатарында атаулы әлеуметтік көмек мәселесі тұр.  

Бақыт ТЕМІРОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Халыққа көмек бағдарламасы аясында 12 мыңнан астам өтініш бізге келіп түскен екен. Соның 46 пайызы оңтайлы шешімін тапты деп айтуға болады. Мобильді топ жаңаға білім беру мәселесіне байланысты ма, тұрғын үй жағдайы, ЖКХ дейміз ғой... Сұрақтарына байланысты шақырылады. Әр жетінің бейсенбісінде олар осындай отырыс өткізеді. 

Ә. Өмірзақ