Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Заңгерлер президенттікке үміткерлерді ұсыну кезінде заңбұзушылық болмағанын айтты

AstanaTV
30.04.2019ж. 20:00
3025
Заңгерлер президенттікке үміткерлерді ұсыну кезінде заңбұзушылық болмағанын айтты

«Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігі елдегі саяси науқанның заң шеңберіңде өтуін қадағалауда. Осылайша президенттікке үміткерлерді ұсыну кезеңінің аяқталуына байланысты заңгерлер қауымдастығының өкілдері, заң ғылымдарының докторлары пікір білдірді. Олар бұл кезеңде ешбір заңбұзушылық болмады деп отыр. Ұйымның Республика бойынша 17 филиалы бар. Бірлестіктің 3 мыңнан астам заң-консультанттары аталған саяси науқанға байланысты әрбір арыз-шағымдарға жауап беріп, құқық қорғауда дұрыс жол сілтеуге әзір.  

Серік АҚЫЛБАЙ, «ЗАҢГЕРЛЕР ӘДІЛ САЙЛАУ ҮШІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біздің міндетіміз-осы заңды, әділ өткізу. Әділ болуы үшін әрбір сайлаушы, әрбір осы процеске қатысушы өзінің құқықтарын білуі керек. Консультация береді қайда баруға, қандай құқықтар бұзылғаның соның бәрін айтып береді.  

Н. Біләл